«Күзгі асар» мерекесі
Мектебімізде, 2025 жылдың 24 қазан күні дәстүрлі «Күзгі асар» мерекесі өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұжымшылдыққа үйрету, сондай-ақ қазақ халқының «Асар» дәстүрін ұлықтау. Мереке барысында сыныптар өз қолымен дайындаған тағамдарын ұсынды, жәрмеңке ұйымдастырылды. Түскен қаражат мектептің әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларына бағытталды.