28
апрель
2026
9–11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс

№114 ЖББ мектебінде 9–11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс ұйымдастырылды.
Жиналыс барысында ата-аналарға 9 және 11 сынып оқушыларының мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарының өткізілу тәртібі, мерзімі мен талаптары жөнінде толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, оқушылардың емтиханға дайындық кезеңіндегі психологиялық қолдау, күн тәртібін сақтау және ата-аналардың жауапкершілігі туралы маңызды мәселелер талқыланды.
Кездесу соңында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, емтихан кезеңінде оқушыларға жан-жақты қолдау көрсету қажеттігі айтылды.