05
май
2026
«Жас сарбаздар сапта» – саптық жүріс байқауы
«Жас сарбаздар сапта» – саптық жүріс байқауы өтті05.05.2026 жылы №114 жалпы білім беретін мектебінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай 7–8 және 10-сынып оқушылары арасында «Жас сарбаздар сапта» саптық дайындық байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу, ел тарихына құрметін арттыру және болашақ Отан қорғаушыларға тән жауапкершілік, тәртіп, ұйымшылдық қасиеттерін қалыптастыру.
Сайыс барысында қатысушылар:
✔️ сапқа тұру және рапорт беру
✔️ негізгі саптық жаттығулар
✔️ саппен жүру (марш)
✔️ саптық элементтер
✔️ саптық ән орындау бойынша өз шеберліктерін көрсетті
Әр сынып ұйымшылдық пен тәртіптің, ерік-жігер мен патриотизмнің үлгісін көрсете білді
Қазылар алқасының шешімімен үздік командалар анықталып, жеңімпаздар марапатталды
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, болашақта ел қорғаны болатын азаматтарды тәрбиелеуге үлкен үлес қосады.