9–11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс
№114 ЖББ мектебінде 9–11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыс барысында ата-аналарға 9 және 11 сынып оқушыларының мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарының өткізілу тәртібі, мерзімі мен талаптары жөнінде толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, оқушылардың емтиханға дайындық кезеңіндегі психологиялық қолдау, күн тәртібін сақтау және ата-аналардың жауапкершілігі туралы маңызды мәселелер талқыланды. Кездесу соңында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап