Алматы қаласы Білім басқармасының
«№114 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-57-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-57-70
вахта +7(727) 268-70-22 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
сказка «Не рви цветов»
13
май
2026
сказка «Не рви цветов»
В библиотеке КГУ «ОШ №114» в рамках проекта «Детская библиотека» с учащимися 3 «Б» класса была прослушана сказка «Не рви цветов» на платформе Careerhab.kz Цель мероприятия – повышение интереса учащихся к чтению книг и воспитание бережного отношения к природе. Во время прослушивания сказки учащиеся проявили активность, делились своими мнениями и впечатлениями. Дети отметили, что сказка была очень интересной и поучительной, а также расширили свои представления о бережном отношении к природе. 
Ұлттық кітап күніне арналған онкүндік аясында оқушылар ерекше белсенділік танытып, кітап әлемін заманауи форматта насихаттады
24
апрель
2026
Ұлттық кітап күніне арналған онкүндік аясында оқушылар ерекше
114 ЖББМ кітапханасында Ұлттық кітап күніне арналған онкүндік аясында оқушылар ерекше белсенділік танытып, кітап әлемін заманауи форматта насихаттады Оқушылар қызықты әрі креативті тренд-видеолар түсіріп, кітап оқудың маңыздылығын өз көзқарастарымен жеткізді Кітап – білімнің кілті, ал оны насихаттау – әр оқушының үлесі
«Кітап оқу – рухани кемелденудің кілті»
24
апрель
2026
«Кітап оқу – рухани кемелденудің кілті»
5-сынып оқушылары арасында 23 сәуір – Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне орай «Кітап оқу – рухани кемелденудің кілті» тақырыбында балалар әдебиетін насихаттауға бағытталған танымдық оқу іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында оқушылар кітаптың адам өміріндегі маңызын түсініп, білім мен ғылымға деген қызығушылықтарын арттырды. Көркем әдебиет арқылы ой-өрістерін кеңейтіп, кітап оқуға деген сүйіспеншіліктерін нығайтты
«Кітап-білім бұлағы» атты BOOK –челендж
23
апрель
2026
«Кітап-білім бұлағы» атты BOOK –челендж
Мектебімізде Ұлттық кітап күніне орай 8ә сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Кітап-білім бұлағы» атты BOOK –челендж өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты –оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және көркем әдебиетті насизаттау. Челендж барысында оқушылар өздері оқыған кітаптарын таныстырып,қысқаша мазмұнынын айтып, кейіпкерлерге талдау жасады және бір-біріне кітап оқуға ұсыныс білдірді. Сонымен қатар оқушылар өздерінің сүйікті шығармаларынан үзінді
«Кітап әлемінде» онлайын-квест
22
апрель
2026
«Кітап әлемінде» онлайын-квест
9 «Б» сынып оқушылары кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасады! «Кітап әлемінде» онлайын-квест барысында оқушылар өз білімдерін, логикасын және тапқырлығын көрсетті.Оқушылар қызықты ребустарды шешіп,суреттерді белгілеп кітап авторларының есімдерімен сәйкестендіріп,әдебиет әлеміне терең бойлады.
«Отбасымен кітап оқу»
21
апрель
2026
«Отбасымен кітап оқу»
Ұлттық кітап күнінінің онкүндігінде «Отбасымен кітап оқу» марафонында оқушылар үйде ата-аналарына кітап оқып беріп, қызықты оқиғаларымен бөлісті.
Біз кітап пен цифрлық әлемнің үйлесімін зерттедік.
20
апрель
2026
Біз кітап пен цифрлық әлемнің үйлесімін зерттедік.
3 «А» сыныбы Қадырова Қаламқас Кітапхананың 10 күндігі аясында біз кітап пен цифрлық әлемнің үйлесімін зерттедік. Кітап – білімнің қайнар көзі, ал цифрлық технология – сол білімге апарар жаңа көпір. Оқушыларымыз ертегілерді оқып қана қоймай, оларды QR-код арқылы тыңдап, электронды кітаптар әлеміне саяхат жасады.
«Балалар жазушыларымен танысу»
17
апрель
2026
«Балалар жазушыларымен танысу»
.5 «А» сынып оқушыларымен «Балалар жазушыларымен танысу» атты танымдық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты-оқушыларды қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерімен таныстыру, олардың шығармалары арқылы оқуға деген қызығушылығын арттыру. Танымдық сағат барысында оқушылар Бауыржан Момышұлы,Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, сияқты белгілі жазушылардың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет алды. Сонымен қатар ,олардың балаларға арналған шығармаларытаныстырылып ,қысқаша талқыланды.
"Эко-ертегі"
16
апрель
2026
"Эко-ертегі"
2"А" сынып оқушыларына "Эко-ертегі" – табиғатты қорғау, қоршаған ортаны аялау туралы түсіндірме жұмысы өткізілді. Тәрбиелік мәні бар ертегілер көрсетілді. Мұндай ертегілер арқылы балалар жерді, суды, ауаны таза ұстаудың маңызын түсінеді, жануарлар мен өсімдіктерге қамқор болуды үйренеді. 🌍 Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Оны қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз!
. “Шығармашылық интеллигенция – Қазақстан балаларына
15
апрель
2026
. “Шығармашылық интеллигенция – Қазақстан балаларына
. “Шығармашылық интеллигенция – Қазақстан балаларына” Мектебімізде Ұлттық кітап күніне орай 9–10 сынып оқушылары арасында шығармашылық сабақ ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Сабақ барысында оқушылар әдеби шығармалармен танысып, өз ойларын еркін жеткізіп, түрлі шығармашылық тапсырмалар орындады. Шара өте мазмұнды әрі әсерлі өтті. Оқушылар белсенділік танытып, өздерінің