08
май
2026
«АСЫҚ КҮНІ» —ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫ
№114 жалпы білім беретін мектептеҚазақ спорт және туризм академиясының 2-курс студенттері педагогикалық практика барысындаоқушылардың қоңырау уақытын тиімді әрі қызықты өткізу мақсатында
«Асық күні» атты ұлттық ойын сағатын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқушылар асық атып,
өзара сайысқа түсіп, мергендіктері мен ептіліктерін көрсетті.
Қоңырау уақытындағы бұл ойын балалардың көңіл күйін көтеріп қана қоймай,
олардың шапшаңдық, дәлдік және жылдам ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.
🏹 Асық — қазақ халқының ертеден келе жатқан ұлттық ойыны әрі мәдени мұрасы.
Бұрын ата-бабаларымыз балаларды асық ойыны арқылы мергендікке,
шыдамдылыққа, ептілікке және достыққа тәрбиелеген.
Асық ойыны баланың қол моторикасын дамытып,
зейінін арттырып, ұжыммен қарым-қатынас жасауына оң әсер етеді.
✨ Ұлттық ойындар — ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігі.
Сондықтан оқушылардың қоңырау уақытын қызықты әрі пайдалы өткізу мақсатында
осындай ұлттық ойындарға ерекше көңіл бөлінді.