Алматы қаласы Білім басқармасының
«№114 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-57-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-57-70
вахта +7(727) 268-70-22 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі-ұлттың мәңгілік қазынасы» тақырыбында тәрбиелік іс-шара
05
декабрь
2025

«Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі-ұлттың мәңгілік қазынасы» тақырыбында тәрбиелік іс-шара

05.12.2025 күні мектебімізде «Даналық мектебі» клубы аясында «Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі-ұлттың мәңгілік қазынасы» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, клуб мүшелері және оқушылар қатысты.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру, үлкенді құрметтеу, әжелердің өмірлік тәжірибесін насихаттау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту болды.
Бағдарлама барысында әжелер өнегелі әңгімелер айтып, салт-дәстүрге қатысты тағылымды пікірлерімен бөлісті. Оқушылар өнер көрсетіп, қонақтармен еркін сұхбат құрып, жылы ықыластарын білдірді.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға рухани тәрбие мен жағымды әсер сыйлады. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: