09
декабрь
2025
“Баяу оқитын оқушылармен тиімді жұмыс: тәжірибе мен инновациялар” тақырыбында қалалық семинар
8 желтоқсан күні мектебіміздің магистр ұстаздарынан құралған шығармашылық топтың ұйымдастыруымен “Баяу оқитын оқушылармен тиімді жұмыс: тәжірибе мен инновациялар” тақырыбында қалалық семинар өтті. Мақсаты: баяу оқитын оқушылармен жұмыстың заманауи әдістері мен тәжірибесін тарату;
педагогтердің кәсіби дағдыларын жетілдіру.
Семинар мектеп директоры А.Д.Килыбаеваның
“Білім беру мен оқыту саласындағы кәсіби
даму” тақырыбындағы Сингапур
мемлекетіндегі тағылымдамадан алған
тәжірибесін қолдану мақсатында жүзеге асқан “ Helpsabak-баяу оқитындарды қолдау” жобасының жұмыс жоспарымен таныстыру, жетістіктер мен оң нәтижелер бойынша тәжірибе бөлісу мақсатында ұйымдастырылды. Семинарға қаламыздың 30 мектебінен мұғалімдер қатысып, оң пікірлерін білдірді.