13
февраль
2025
« Баяу оқитын оқушылармен жүргізілетін HELPSABAK тиімділігі» тақырыбында қалалық семинар өтті.





2025 жылдың 11 ақпан күні « Баяу оқитын оқушылармен жүргізілетін HELPSABAK тиімділігі» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға СДУ профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Жұмақаева Б.Д., Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің Phd доценті Кожамкулова Н.С., сондай-ақ , қала мектептерінен 50-ге жуық директордың орынбасарлары мен магистр ұстаздар қатысты.Семинар мақсаты: «HELPSABAK - баяу оқитындарды қолдау» тақырыбындағы жобаның жұмыс мазмұнымен таныстыру, ұстаздардың тәжірибесімен бөлісу.Семинар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жамбулатова С.А. жоба туралы таныстырылымымен ашылды. Әрі қарай бағдарлама бойынша магистр ұстаздардың жасаған жұмыстарының нәтижесін көрсету мақсатындағы сабақтарымен жалғасын тапты. Атап айтар болсақ, Есбаева А.Б. мен Алламова С.Д. « Интегрированный урок иформатики и естествознании: применение WR/ AR технологии во время урока с слабоуспевающими детьми» Айтбайқызы Б., « Математика сабағында оқушылардың ойлау қабілеттері мен есептеу дағдыларын тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып дамыту», Арнайы педагог Джумагулова Д.Т. « Разработка комплекса упражнений для формирования навыков осознанного чтения у учащихся младших классов с задержкой психического развития», Аубакирова М.Ж. « Применения осознанного чтения на уроках русского, английского языка», Әленов Н.Ж. « Жеңіл атлетиканың жалпы дене дайындығына әсері», Узбек Г,. Рысбаева А.Қ « Заманауи білім – тиімді әдіс пен ұлттық құндылықтардың көрінісі», Искандирова А.Д. « Тілді оқытудағы онлайн ресурстар мен қолданбалардың тиімділігі» тақырыптарында сабақ үлгілерін көрсетіп, жобаның оқушылардың оқуға деген құлшынысын, ынта-жігерін оятуға, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуға оң әсерін беретіндігі жөнінде өз ойларын ортаға салды. Семинар соңында келген қонақтар кері байланыс жасап, оң пікірлерін білдірді.