Алматы қаласы Білім басқармасының
«№114 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-57-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-57-70
вахта +7(727) 268-70-22 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » " Білім беру процесінің сапасын арттырудағы магистрлердің рөлі: практикалық аспектілер мен перспективалар" атты аудандық семинар өтті.
22
октябрь
2024

" Білім беру процесінің сапасын арттырудағы магистрлердің рөлі: практикалық аспектілер мен перспективалар" атты аудандық семинар өтті.

22 қазан күні " Білім беру процесінің сапасын арттырудағы магистрлердің рөлі: практикалық аспектілер мен перспективалар" атты аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты: мектептің білім беру жүйесіндегі магистрлердің рөлін, олардың оқу бағдарламаларын әзірлеуге және білім сапасын арттыруға қосқан үлесін талқылау, сондай-ақ магистрлердің білімі мен дағдыларын білім беру жағдайында тиімді пайдалану бойынша практикалық ұсыныстар беру. Семинарға Алатау аудандық білім бөлімінің басшысы К.М.Акмурзаева мен 31 мектеп басшылары және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасалары қатысты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жамбулатова С.А. "Қазіргі мектептегі білім берудегі магистрлердің рөлі" тақырыбында таныстырылым жасап, мектептің магистр ұстаздарынан құрылған шығармаршылық топтың жұмыс жоспарымен таныстырды. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Гасанов С.А. "Интерактивті технологиялар", соның ішінде мектеп магистрлері жүйелі түрде қолданатын "Гугл чат" және оның артықшылықтары туралы түсіндірсе, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Искандирова А.Д. " HelpSabak - баяу оқитындарды қолдау" жобасының тиімділігі, жеткен жетістіктер мен нәтижелерге шолу жасады. Семинар соңында келген қонақтармен сұрақ-жауап болып, кері байланыс жасалды.

https://www.instagram.com/reel/DBbTBefAIWH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: