31
октябрь
2025
«29 қазан – Қамқоршылар күні»
29 қазан — жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға пана болып, олардың өсіп-жетілуіне қолдау көрсетіп жүрген қамқоршыларды құрметтеу күні. «Жетім көрсең – жебей жүр» деген халық даналығына сүйене отырып, ата-анасынан айырылған балаларға мейірім мен жанашырлық танытып жүрген азаматтарды қолдау мақсатында №114 жалпы білім беретін мектепте іс-шара ұйымдастырылды.
№114 жалпы білім беретін мектепте ата-ана қамқорлығынсыз қалған 1 оқушы тіркеуде. Осыған байланысты 2025 жылғы 24 қазанда әлеуметтік педагог, 10 «Б» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Алламова С.Д. қамқоршының үйіне барып, қамқоршыға алғыс хат және шағын сыйлықтар табыс етілді.