"Менің отбасым - менің мақтанышым"
Алматы қаласы, Алатау ауданы, «№114 ЖББМ» КММ 1-сынып оқушылары «Менің отбасым – менің мақтанышым» тақырыбында сурет салып, өз шығармашылықтарын ортаға салды. Балалар өз отбасының берекесі мен бірлігін, сүйіспеншілігі мен мейірімін жүрек қалауымен қағаз бетіне түсірді. Әр суретте ата-анаға деген ыстық ықылас пен отбасы құндылықтары көрініс тапты. Бұл жұмыс балалардың шығармашылығын дамытуға, отбасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыруға бағытталды.