Алматы қаласы Білім басқармасының
«№114 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-57-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-57-70
вахта +7(727) 268-70-22 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бір тұтас ел – бір тұтас жер. Адал азамат» тақырыбында Әскери Ерлік сабағы
19
сентябрь
2025

«Бір тұтас ел – бір тұтас жер. Адал азамат» тақырыбында Әскери Ерлік сабағы

2025 жылдың 16 қыркүйегі күні сағат 10:00-де Алматы қаласы, Алатау ауданының №114 жалпы білім беретін мектебінде «Бір тұтас ел – бір тұтас жер. Адал азамат» тақырыбында Әскери Ерлік сабағы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
• жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру,
• Отан қорғаушылардың ерлігін үлгі ету,
• ардагерлердің өмір жолын дәріптеу арқылы оқушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Іс-шараға Алматы қаласы ГСВГ – ГВВД ардагерлері РҚБ филиалы атынан ардагерлеріміз Баратов Мариз Санурович, Наурызбеков Төленді Дәуітұлы қатысты:
Сабақ барысында ардагерлер оқушылармен өздерінің әскери өмірінен әсерлі естеліктерімен бөлісіп, елге адал қызмет етудің маңызы туралы тағылымды әңгімелер айтты. Оқушылар ардагерлерге сұрақтар қойып, рухани тәрбиелік мәні зор жауаптар алды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Ардагерлердің әңгімелері оқушыларға үлгі болып, олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, ерлікке құрмет пен елге адал қызмет ету сезімдерін қалыптастыруға ықпал етті. Сабақ оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, патриоттық тәрбие берудің тиімді құралы бола алды.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: