12
декабрь
2025
«Мен және менің жанұям» тақырыбында жүргізілген сауалнама
№114 ЖББМ-де 2025 жылдың желтоқсан айында «Мен және менің жанұям» тақырыбында 5–6 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізілді. 5–6 сынып оқушыларының жанұя туралы түсінігін анықтау, жанұя мүшелері арасындағы жақындықты, оқушылар үшін ең жақын адамды және жанұяның бала өміріндегі маңызын айқындау.
Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың көпшілігі үшін ең жақын адам – анасы екені анықталды. Оқушылар жанұя ұғымын мейірімділік, нәзіктік, қамқорлық және сүйіспеншілікпен байланыстырып бағалаған. Бұл жанұяның бала тәрбиесіндегі және тұлғалық қалыптасуындағы маңызын көрсетеді.
Сауалнама қорытындысы оқушылардың жанұяға деген жағымды көзқарасы қалыптасқанын және отбасы құндылықтарын жоғары бағалайтынын көрсетті.