Алматы қаласы Білім басқармасының
«№114 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-57-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-57-70
вахта +7(727) 268-70-22 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мансап және Skills Enbek порталы – болашақ мамандық таңдаудағы көмекші
03
декабрь
2025

Мансап және Skills Enbek порталы – болашақ мамандық таңдаудағы көмекші

Мансап және Skills Enbek порталы – болашақ мамандық таңдаудағы көмекші
2025 жылдың 03 желтоқсан күні Жалпы білім беретін 114 мектептің 8 -11 сынып оқушыларына Мансап порталы және Skills Enbek электронды еңбек биржасы мектептің кәсіптік бағдар беруші Алиева Г.А түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бүгін біз сіздерге болашақ мамандықты дұрыс таңдауға көмектесетін екі маңызды құрал туралы түсіндіреміз. Олар — Мансап порталы және Skills Enbek электронды еңбек биржасы.
Бұл платформалар сіздерге мамандықтарды зерттеуге, еңбек нарығы туралы ақпарат алуға және өз қабілеттеріңізді анықтауға көмектеседі.
Мақсаты:
• Оқушыларға Мансап порталы мен Skills Enbek электронды еңбек биржасының мүмкіндіктерін таныстыру;
• Екі платформаның болашақ мамандық таңдаудағы рөлін түсіндіру;
• 8-11 сынып оқушыларының еңбек нарығы, сұранысқа ие мамандықтар және білім беру бағыттары туралы ақпараттануын арттыру;
• Оқушылардың өз қызығушылығы мен қабілеттерін анықтауға, саналы түрде мамандық таңдауға бағыт беру;
• Заманауи цифрлық порталдарды қолдану арқылы ақпарат іздеу, өзін-өзі дамыту, мансаптық жоспар құру дағдыларын қалыптастыру;
• Адал еңбек пен дұрыс мамандық таңдаудың болашақтағы табысқа әсерін ұғындыру.  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: