Алматы қаласы Білім басқармасының
«№114 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-57-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-57-70
вахта +7(727) 268-70-22 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
май
2026

«Мамандықтар жәрмеңкесі»

Алматы қаласы, Алатау ауданы Жалпы білім беретін №114 мектепте 2026 жылдың 10 сәуір күні Мектебімізде оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру мақсатында «Мамандықтар жәрмеңкесі» атты ауқымды әрі мазмұнды іс-шара № 166 мектеп лицейімен бірге ұйымдастырылды. Аталған шараға жоғары 9 оқушылары және ата-аналарда ерекше қызығушылық танытып, белсенді түрде қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды қазіргі заман талабына сай сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру, әр мамандықтың қыр-сырын түсіндіру және олардың жеке қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес дұрыс таңдау жасауына көмектесу болды. Жәрмеңке барысында түрлі мамандық иелері немесе сол бағытта білім алып жүрген оқушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, мамандықтың ерекшеліктері, артықшылықтары мен қиындықтары туралы кеңінен ақпарат берді.
Сонымен қатар, әр мамандыққа арналған арнайы бұрыштар ұйымдастырылып, көрнекі материалдар, құрал-жабдықтар мен таныстырылымдар ұсынылды. Оқушылар өздерін қызықтырған салалар бойынша сұрақтар қойып, тікелей жауап алып, өз ойларымен бөлісуге мүмкіндік алды. Бұл олардың кәсіби бағдарын айқындауға зор ықпал етті.
Аталған іс-шара оқушылардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, өз мүмкіндіктерін бағалап, нақты мақсат қоюына жол ашты. «Мамандықтар жәрмеңкесі» – әрбір қатысушы үшін пайдалы ақпаратқа толы, әсерлі де маңызды шара ретінде есте қалды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: