Алматы қаласы Білім басқармасының
«№114 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-57-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-57-70
вахта +7(727) 268-70-22 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алматы автомобиль және сән индустриясы колледжі» экскурсия
03
март
2026

«Алматы автомобиль және сән индустриясы колледжі» экскурсия

2026 жылдың 02 наурыз күні Жалпы білім беретін 114 мектептің 9 А сынып оқушылары «Алматы автомобиль және сән индустриясы колледжі» КМҚК
2026 жылдың 03 наурыз күні жалпы білім беретін №114 мектептің 9 «А» сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру мақсатында «Алматы автомобиль және сән индустриясы колледжі» КМҚК-на арнайы барып қайтты.
Экскурсия барысында оқушылар колледждің оқу кабинеттері мен зертханаларын аралап, заманауи құрал-жабдықтармен танысты. Сонымен қатар, білім беру бағдарламалары, мамандық түрлері және оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы толық ақпарат алды. Колледж мамандары автомобиль жөндеу ісі, техникалық қызмет көрсету, сән индустриясы және дизайн бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандық таңдауға қатысты маңызды мәліметтер алды. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің кәсіби бағдарын айқындауға, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтармен танысуға үлкен мүмкіндік береді.
Экскурсия оқушылар үшін танымдық әрі пайдалы болды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: