Алматы қаласы Білім басқармасының
«№114 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-57-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-57-70
вахта +7(727) 268-70-22 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «КӘСІПКЕ ТЕРЕҢ БОЙЛАУ» мастер класс өтті
03
январь
2026

«КӘСІПКЕ ТЕРЕҢ БОЙЛАУ» мастер класс өтті

2026 жылдың 03 қаңтар күні Жалпы білім беретін 114 мектептің 9 сынып оқушылары Алматы технологиялық колледжі базасында «КӘСІПКЕ ТЕРЕҢ БОЙЛАУ» тақырыбында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша «Аспаз» біліктілігін арттыру мақсатында мастер-класс өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби шеберліктерін дамыту және заманауи аспаздық технологияларды меңгерту болды. Мастер-класс барысында қатысушылар тағам дайындаудың жаңа әдіс-тәсілдерімен танысып, тағамды безендіру, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, ас мәзірін құрастыру және жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру бағыттары бойынша тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.
Сонымен қатар, шара барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға мүмкіндік алды. Мұндай форматтағы іс-шаралар болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, олардың кәсіби дамуына оң ықпал етеді.
Мастер-класс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: