12
январь
2026
«Мамандықтар марафоны»
«Мамандықтар марафоны» – «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында 10-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылатын, әртүрлі еңбек салаларындағы мамандықтардың маңызын кеңінен насихаттауға бағытталған тәрбиелік-танымдық конкурс. Аталған іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға, адал еңбекке деген оң көзқарасын дамытуға және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал етеді.Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің бойында еңбексүйгіштік, жауапкершілік, табандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, әр мамандық иесінің қоғам дамуындағы рөлін түсіндіру, адал еңбек арқылы жетістікке жетудің маңызын көрсету. Сонымен қатар, оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттерін анықтап, олардың болашақ кәсіби бағытын айқындауға бағыт беру көзделеді.«Мамандықтар марафоны» барысында оқушылар әртүрлі саладағы мамандықтарды таныстырып, өздері таңдаған кәсіптің ерекшеліктері, қажетті білім мен дағдылары, еңбек ету барысындағы жауапкершілік пен адалдықтың маңызы туралы ақпарат ұсынады. Конкурс кезеңдері сұрақ-жауап, шығармашылық таныстырылым, ситуациялық тапсырмалар және пікір алмасу форматында ұйымдастырылады.Іс-шараға қатысу арқылы оқушылар өз ойларын еркін жеткізуге, топпен жұмыс жасауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, адал еңбектің қоғамдағы құндылығын терең түсініп, еңбек адамдарына деген құрметі артады.
Іс-шара қорытындысы бойынша белсенді қатысқан оқушылар мен үздік таныстырылым жасаған командалар анықталып, марапатталады. Нәтижесінде, оқушылардың болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылығы артып, еңбекке, жауапкершілікке және адалдыққа негізделген өмірлік ұстанымы