07
ноябрь
2025
"Менің сүйікті кітабым"
№114 ЖББМ кітапханасында 5-6 сынып оқушыларының қатысумен "Менің сүйікті кітабым" атты дөңгелек стол өткізілді . Іс-шараның мақсаты -оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында, көркем әдебиет арқылы рухани дамуына ықпал ету және өз ойын еркін жеткізу дағдыландыру. Іс-шара барысында оқушылар өздері оқыған сұйікті кітаптары туралы пікірлерін ортаға салып ,кітаптың мазмұны,кейіпкерлері мен тәрбиелік мәні туралы әңгімеледі.Шара тартымды әрі тәрбиелік маңызы жоғары деңгейде өтті.