Алматы қаласы Білім басқармасының
«№114 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-57-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-57-70
вахта +7(727) 268-70-22 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Аlmaty Рolytechnic Сollege» КМҚК-на танымдық экскурсияға барды.
02
март
2026

«Аlmaty Рolytechnic Сollege» КМҚК-на танымдық экскурсияға барды.

2026 жылдың 02 наурыз күні Жалпы білім беретін 114 мектептің 9 Б сынып оқушылары «Аlmaty Рolytechnic Сollege» КМҚК-на танымдық экскурсияға барды.
Экскурсияның мақсаты – оқушыларды колледждің оқу үдерісімен, мамандықтарымен және материалдық-техникалық базасымен таныстыру, сондай-ақ болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру болды.
Іс-шара барысында колледж оқытушылары мен мамандары оқу кабинеттерін, зертханаларды және өндірістік шеберханаларды көрсетті. Оқушылар түрлі техникалық жабдықтармен танысып, мамандықтар туралы жан-жақты мәлімет алды. Сонымен қатар, колледждің жетістіктері, студенттердің оқу барысы мен қоғамдық өмірі жайлы ақпарат берілді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Экскурсия өте мазмұнды әрі пайдалы өтті. Бұл шара оқушылардың кәсіби бағдар алуына, техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Осындай танымдық кездесулер оқушылардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауға үлкен септігін тигізеді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: