03
март
2026
«Алматы көпсалалы колледжі» КМҚК-на танымдық экскурсияға барды.
2026 жылдың 03 наурыз күні Жалпы білім беретін №114 мектептің 9 «В» сынып оқушылары «Алматы көпсалалы колледжі» КМҚК-на танымдық экскурсияға барды. Экскурсияның негізгі мақсаты – оқушыларға колледждің тыныс-тіршілігімен танысуға, түрлі мамандықтар туралы ақпарат алуға және болашақ кәсіби бағдарын айқындауға мүмкіндік беру болды.
Колледж ұжымы оқушыларды жылы қарсы алып, оқу орнының тарихы, жетістіктері және білім беру бағыттары жөнінде жан-жақты мәлімет берді. Оқушылар заманауи жабдықталған оқу кабинеттерін, зертханалар мен шеберханаларды аралап көрді. Әсіресе тәжірибелік сабақтар өтетін арнайы аудиториялар оқушылардың қызығушылығын арттырды.
Кездесу барысында мамандар әртүрлі мамандықтардың қыр-сырымен таныстырып, оқу үдерісі мен студенттік өмір туралы баяндады. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Экскурсия оқушыларға үлкен әсер қалдырды. Олар болашақ мамандық таңдауда маңызды мәлімет алып, кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға мүмкіндік алды. Мұндай танымдық шаралар жас ұрпақтың саналы таңдау жасауына ықпал ететіні сөзсіз.