21
октябрь
2025
Бастауыш сыныптар арасында жүргізілген диктант жұмысы
2025 жылдың қазан айында бастауыш сыныптар арасында «Дұрыс тамақтану» тақырыбында диктант жұмысы ұйымдастырылды. Диктанттың мақсаты – оқушылардың сауаттылығын, дұрыс жазу дағдыларын арттыру, сонымен қатар салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндіру.
Жұмысқа 1–4 сыныптардан жалпы 300 оқушы қатысты. Диктант мәтінінде дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары, пайдалы тағам түрлері және денсаулықты сақтау жолдары қамтылды. Оқушылар мәтінді мұқият тыңдап, орфографиялық нормаларды сақтай отырып жазды.