26
март
2026
"Кітаптар айналымы"
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында көктемгі демалыс кезінде №114 ЖББМ кітапханасында 7 «А» сынып оқушыларымен "Кітаптар айналымы" тақырыбында оқырмандармен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапханамен байланысын нығайту және кітаптарды тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыру. Кездесу барысында оқушылар кітап алмасу, оқу мәдениеті, кітапты күтіп ұстау ережелері туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, оқырмандар өздерінің оқыған кітаптары туралы ой бөлісіп, ұсыныстарын айтты.