18
март
2026
«Үнемі оқитын адам – табысты адам»
№114 ЖББМ кітапханасында 6 «А» сынып оқушыларымен «Үнемі оқитын адам – табысты адам» тақырыбында кітап оқу сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын дамыту және кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Кітап оқу барысында оқушылар түрлі қызықты кітаптармен танысып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, кітап оқудың адамды жан-жақты дамытып, болашақта табысты болуына ықпал ететіні туралы әңгіме жүргізілді.Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, кітапхана қорындағы кітаптарға қызығушылықтарын білдірді.