«Жасөспірімдер арасында әлімжеттік жасау» тақырыбында жүргізілген сауалнама

№114 ЖББМ-де 2025 жылдың желтоқсан айында 7–9 сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдер арасында әлімжеттік жасау» тақырыбында сауалнама жүргізілді.
Оқушылар арасында әлімжеттік (буллинг) туралы түсінік деңгейін анықтау, мектептегі әлімжеттің бар-жоғын зерделеу, оқушылардың жеке тәжірибесін, көзқарасын және әлімжеттің алдын алу бойынша пікірлері мен ұсыныстарын жинақтау.
Сауалнама нәтижесінде оқушылардың басым бөлігі әлімжетті қорлау, мазақтау, қорқыту, физикалық және әлеуметтік желі арқылы жасалатын қысым ретінде түсінетіні анықталды. Кейбір оқушылардың бірқатары әлімжеттің куәгері болғанын көрсетті. Сонымен қатар, оқушылардың көпшілігі әлімжеттің алдын алуда мұғалімдердің бақылауы, оқушылармен түсіндіру жұмыстары және ата-ананың қолдауы маңызды деп есептейді.