Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай, мектебімізде «Ұлты ұлықтаған ұлы ұстаз» атты жиын өтті. » КГУ «Общеобразовательная школа №114»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№114 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-57-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-57-70
вахта +7(727) 268-70-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай, мектебімізде «Ұлты ұлықтаған ұлы ұстаз» атты жиын өтті.
23
сентябрь
2022

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай, мектебімізде «Ұлты ұлықтаған ұлы ұстаз» атты жиын өтті.

 Бүгін, 20 қыркүйекте Ұлт ұстазы, көрнекті лингвист ғалым, Алаштың рухани көсемі, тұңғыш білім министрі, қазақ журналистикасының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай, мектебімізде «Ұлты ұлықтаған ұлы ұстаз» атты жиын өтті. Аталған жиынға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлері Әрлен Сейітбатқал мен Айдана Махамбет қатысты.Ал Алатау аудандық білім бөлімінің басшысы Қарлығаш Медербекқызы Акмурзаева ZOOM қосымшасы арқылы байланысқа шығып, жиынға сәттілік тіледі.
Алғашқы құттықтауды мектеп директоры Айгүл Жапсарбайқызы Қилыбаева алып, аталған жиынның маңызына кеңірек тоқтала кетті.
Одан кейін Ұлт ұстазының өмірі, шығармашылығы мен қызметі турасында 6 минуттық бейнесюжет көрсетілді.
Спикерлер Айдана Махамбет ғалым өмірінің қызылордалық кезеңі жайлы баяндама жасаса, Әрлен Сейітбатқал Ақаңның еңбектеріне кеңінен тоқталды.
Жиын соңында белсенді оқушылар бағалы сыйлықтармен марапатталса, бір топ мұғалімге төсбелгілер табысталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: