12 сәуір - Ұлттық ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ.И. Сәтбаевтың туған күні. » КГУ «Общеобразовательная школа №114»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№114 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-57-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-57-70
вахта +7(727) 268-70-22 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 12 сәуір - Ұлттық ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ.И. Сәтбаевтың туған күні.
12
апрель
2022

12 сәуір - Ұлттық ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ.И. Сәтбаевтың туған күні.

12 сәуір - Ұлттық ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ.И. Сәтбаевтың туған күні. Осыған орай, 12 сәуірде Қазақстанда ғылым қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Ғалымдар еңбегін, отандық ғылымды дәріптеудің аса маңыздылығын ескере отырып, №114 жалпы білім беретін мектепте Қазақ тіл ғылымының қара шаңырағы атанған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының лексикология бөлімінің ғылыми қызметкері, тіл білімінің лингвомәдениеттану, лингвоелтану, когнитивтік лингвистика салалары бойынша ғылыми еңбектерінің авторы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасының» иегері Айгүл Байдебекқызы Әмірбекова және Әлеуметтік лингвистика бөлімінің ғылыми қызметкері «Латынграфикалы жаңа әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың ғылымилингвистикалық базасын әзірлеу» (2018-2020 жж.), «Қазақ тілінің неографиялық базасы» (2018-2020 жж.) Ғылыми жобаларының орындаушыларының бірі Қуатбек Қонысбайұлы Дүйсеновпен кездесу өтті. Оқушылардың кездесуден кейін ғылымға деген көзқарастары өзгерді. Ғылымның шыңына жету үшін тек қана аянбай оқу мен еңбектену керек екенін жете түсінді. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлері, тіл жанашырлары Әмірбекова Айгүл Байдебекқызы мен Қуатбек Қонысбайұлы Дүйсеновке деген алғысын білдіріп мектеп директоры Айгул Жапсарбайқызы Килыбаева алғыс хатпен марапаттады.
Аталған іс-шараны мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Мадияр Арстанбаев пен Жарқынай Жоламан ұйымдастырды


Жүз Он Төртінші Мектеп в Instagram: «12 сәуір - Ұлттық ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ.И. Сәтбаевтың туған күні. Осыған орай, 12 сәуірде Қазақстанда ғылым…» 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: