10
сентябрь
2025
Ашық есік күні – шабыт пен мүмкіндіктер әлемі!
Ашық есік күні – шабыт пен мүмкіндіктер әлемі! 10.09.2025 жылы Жалпы білім беретін №114 мектептің 8 сынып оқушыларымен №1 Оқушылар үйінде ұйымдастырылған Ашық есік күніне қатысып, ерекше әсер алдық.Бұл күн оқушылар, “Оқушылар үйінің” тыныс-тіршілігімен, үйірмелерімен және шығармашылық бағыттарымен танысуға үлкен мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі үйірмелердің жұмысымен танысып, шеберлік сағаттарына қатысты. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, көпшілікті тәнті етті.
Оқушылар үйі – бұл тек білім ордасы емес, бұл – шығармашылық, даму және достық мекені. Мұнда әр бала өз таланты мен қызығушылығына сай үйірме таба алады: би, музыка, сурет, қолөнер, дебат, робототехника және тағы басқа бағыттарда жұмыстар жүргізіледі.
Ұстаздар тарапынан жылы лебіздер айтылып, балалардың белсенділігі мен шығармашылығына жоғары баға берілді.
Мақсатымыз – әр баланың қабілетін ашу және дамуына қолдау көрсету.
Оқушылар үйі – болашаққа апарар жарқын жол!
Кәсіптік бағдар беруші Алиева Г.А