22
ноябрь
2024
АТУ-нің Ашық есік күні
22 қараша күні 114 мектептің 9 сыныптары АТУ-дың ұйымдастырған ашық есік күніне барып, керемет музыкалық бағдарламамен танысып, сыйлықты ұтыс ойынына қатысты. Студенттердің шығармашылық жұмыстарының көрмесін тамашалап, ерекше әсер алды. Негізгі оқу корпусында экскурсиялар, презентациялар мен шеберлік сыныптарын көріп, студенттер оқытушыларымен танысты! Шараның арнайы қонақтары Азиз Балтабекулы @azizbaltabekuly және Айдын Төлегенов @aidyn_showman болды. Оқушылардың болашақ мамандықтарының қандай болатынын, қандай мамандықты таңдау керектігінен бағыт-бағдар алып, кейбірі өз болашағын айқындап қайтты.