Алматы қаласы Білім басқармасының
«№114 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-57-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-57-70
вахта +7(727) 268-70-22 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Салауатты өмір салтын ұстанып, тиімді тамақтанайық!»
26
ноябрь
2025

«Салауатты өмір салтын ұстанып, тиімді тамақтанайық!»

2025 жылдың қараша айында бастауыш/орта буын сыныптарында «Салауатты өмір салтын ұстанып, тиімді тамақтанайық!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. 

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру, дұрыс және тиімді тамақтану ережелерін үйрету, денсаулықты сақтаудың негізгі қағидаларын қалыптастыру.

Тәрбие сағаты барысында оқушыларға дұрыс тамақтанудың пайдасы, күн тәртібі, дене белсенділігінің рөлі және зиянды әдеттердің алдын алу туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар бейнематериал көрсетіліп, пайдалы және зиянды тағам түрлерін ажырату бойынша топтық жұмыстар ұйымдастырылды.

Оқушылар белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін ашық білдірді. Денсаулықты нығайтуға арналған кеңестер талқыланып, тиімді тамақтанудың негізгі қағидалары бекітілді. Тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: