08
апрель
2026
«Білім – мемлекеттік саясаттың негізгі құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басым бағыттар» тақырыбында сынып сағаттары
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 11-сынып оқушыларымен «Білім – мемлекеттік саясаттың негізгі құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басым бағыттар» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылып, өткізілді.
Аталған тәрбие сағаттарының мақсаты – білімнің қоғам дамуындағы маңызын түсіндіру, жаңа Конституцияда айқындалған білім беру саласындағы басымдықтармен таныстыру, сондай-ақ оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру және құқықтық сауаттылығын арттыру болды.
Сынып сағаттары барысында оқушылар білімнің ел болашағындағы рөлі туралы ой бөлісіп, өз пікірлерін еркін жеткізді. Сонымен қатар, Конституцияда көрсетілген негізгі қағидалар талқыланып, оқушылардың елжандылық сезімін арттыруға бағытталған мазмұнды жұмыстар жүргізілді.