Алматы қаласы Білім басқармасының
«№114 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-57-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-57-70
вахта +7(727) 268-70-22 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Балалар басылымдар – кітапқа бастайтын жол»,
14
апрель
2026

«Балалар басылымдар – кітапқа бастайтын жол»,

. 114 ЖББМ кітапханасында «Ұлттық кітап күні» онкүндігі аясында «Балалар басылымдар – кітапқа бастайтын жол», «Журнал оқып, ойыңды дамыт» тақырыптарында 1 «А» сынып оқушыларымен танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларын балаларға арналған мерзімді басылымдармен таныстыру, олардың кітап пен журнал оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін дамыту.
Шара барысында оқушыларға «Балдырған» журналының көрмесі ұсынылып, журналдың шығу тарихы, мазмұны мен ерекшеліктері туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар журнал беттеріндегі қызықты әңгімелер, ертегілер, жұмбақтар мен танымдық тапсырмалар таныстырылды.
Оқушылар көрмені қызыға тамашалап, өздеріне ұнаған бөлімдерімен бөлісіп, сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты#ҚРОқу-Ағарту Министрлігі
#Балалар кітапханасы; #Ұлттық Кітап Күні; #Республикалық Ғылыми Педагогикалық Кітапхана; #Онкүндік; #Адал Азамат

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: