13
март
2026
«Шабыт» жобасы аясында ұйымдастырылған «Ананың аялы алақаны» челленджі
№114 жалпы білім беретін мектепте оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, анаға деген құрмет пен ізеттілікті насихаттау мақсатында «Шабыт» жобасы аясында «Ананың аялы алақаны» атты челлендж ұйымдастырылды.
Аталған шараны мектептің аға тәлімгері- Даулетбай Аян Серікқызы, өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері және әлеуметтік педагог -Шақшамбаева Бибігүл Даулетқызы ұйымдастырып, өткізді. Челлендж барысында оқушылар өз аналарына деген жылы лебіздерін білдіріп, алғыс сөздерін айтып, түрлі шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Сонымен қатар оқушылар арасында анаға деген құрмет, қамқорлық және сыйластық құндылықтарын дәріптеу жұмыстары жүргізілді.