26
январь
2026
«Қыз балалар гигиенасы» тақырыбында медбикемен өткізілген кездесу
№114 ЖББМ-де 2025 жылдың қаңтар айында мектеп медбикесінің қатысуымен «Қыз балалар гигиенасы» тақырыбында түсіндіру кездесуі өткізілді. Кездесуге 5–6 сыныптың қыз оқушылары қатысты. Аталған іс-шараға әлеуметтік педагог және тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары қатысты.
Кездесу барысында медбике қыз балалар гигиенасының негізгі талаптары, жеке гигиена құралдарын дұрыс қолдану, күнделікті тазалық сақтау және денсаулыққа байланысты жиі қойылатын сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әлеуметтік педагог пен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тарапынан тәрбиелік бағытта қосымша түсініктемелер беріліп, оқушылардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды.
