19
сентябрь
2025
“ Тіл білу-өнер” тақырыбындағы интеллектуалды сайыс
17 қыркүйек күні “Тілдер апталығы” аяғында 7-сынып оқушылары арасында “ Тіл білу-өнер” тақырыбында интеллектуалды сайыс өтті.Мақсаты: Тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін тексеру, әр түрлі тапсырмалар арқылы тыңдаушылардың алған білімдерін бекіту;Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Оқушылар бір сөзден бірнеше сөздер құрастыру, адасқан әріптерден сөз құрап орыс, ағылшын тілдеріне аудару, ұсынылған суреттер бойынша мақал-мәтел құрастыру, логикалық сұрақтар мен қазақ тілі грамматикасы бойынша білімдерін сынады. Сүбелі сайыста шапшаңдығы мен білімпаздылығымен жеңіске жеткен командалар мақтау қағаздарымен марапатталды.Ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Тукенова Г. М., Искандирова А.Д.