Оқушылармен профилактикалық жұмыс
КММ «№114 жалпы білім беретін мектепте» оқушылармен профилактикалық жұмыс аясында Алатау ауданы полиция басқармасының ОМПС ОЮП бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Канабатырова Асель Талғатқызы, УИП ОЮП ОМПС бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Калиева Дина Мұратқызы және Алатау ауданы полиция басқармасының ОКП бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Әлімбай Мейірбек Болатұлы 7–8 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Дәріс тақырыбы: «Құқықбұзушылықтың алдын алу: заңсыз әрекеттерге тартылудан қалай сақтануға болады. Зиянды әдеттердің алдын алу».
Кездесу барысында қарастырылған негізгі бағыттар:
құқықбұзушылықтың алдын алу және жастарды заңсыз іс-әрекеттерге тартуға жол бермеу шаралары;
өскелең ұрпақтың өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру;
зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салты құндылықтарын нығайту.
