01
сентябрь
2025
1-қыркүйек "Білім күні"
Бүгін барша қазақстандықтар үшін ерекше мереке – Алғашқы қоңырау күні. Атаулы мерекені Алматы қаласы, Алатау ауданының «№114 ЖББМ» КММ ұжымы мен оқушылары да ерекше көңіл күймен атап өтті. Бітіруші 11 сынып оқушылары ізбасарлары 1 сынып оқушыларына Білім кілтін табыстап, білім жолындағы алғашқы қадамдарына сәттілік тіледі.
Бұл күн – жас ұрпақтың білімге деген ынтасын арттырып, жаңа арман-мақсаттарға жетелейтін айтулы сәт. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге сәттілік, ал ұстаздар қауымына еңбектеріңізге мол табыс тілейміз дегіміз келеді.
Жаңа оқу жылы әрбір отбасына қуаныш, табыс пен жақсылық алып келсін!