" Даланың дара ұстазы" атты әдеби кеш өтті » КГУ «Общеобразовательная школа №114»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№114 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-57-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-57-70
вахта +7(727) 268-70-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " Даланың дара ұстазы" атты әдеби кеш өтті
19
ноябрь
2021

" Даланың дара ұстазы" атты әдеби кеш өтті



   Мектебімізде 19 қараша күні ұлы ұстаз, педагог Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Абдрахимова Жазира Серикбаевна мен Искандирова Ақжарқын Даулетқызының бастамасымен " Даланың дара ұстазы" атты әдеби кеш өтті.Әдеби кеш ұстаздың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнероликтен басталып, оның өлеңдерінен үзінділер оқылып, тәлім-тәрбиеге толы әңгімелерінің бірі "Мұңсыз адам" әңгімесінің желісі бойынша 6 "А" сынып оқушыларының қатысуымен көрініс қойылды.
Көрермендерге Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылып кеш ерекше форматта өтті. Сондай-ақ кеште музыка пәнінің мұғалімі Алихан Куанышбековичтің ұйымдастыруымен оқушылар ұстаз туралы хор орындаса, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
  Искандирова Ақжарқын мен 4"А" сынып оқушысы Бақытова Айым бірге ән шырқап кешті ажарландыра түсті.
  Кеш соңында мектеп директоры А.Д.Килыбаева сөз сөйлеп кештің жоғары деңгейде өткенін айта отырып кеш ұйымдастырушылары мен оқушыларға алғысын білдірді.



Жүз Он Төртінші Мектеп в Instagram: «Мектебімізде 19 қараша күні ұлы ұстаз, педагог Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері…» 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: