"Қағаз бүктеу өнері — оригами" тақырыбында осындай сабақ өткізілді. » КГУ «Общеобразовательная школа №114»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№114 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-57-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-57-70
вахта +7(727) 268-70-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қағаз бүктеу өнері — оригами" тақырыбында осындай сабақ өткізілді.
16
ноябрь
2021

"Қағаз бүктеу өнері — оригами" тақырыбында осындай сабақ өткізілді.

Білім саласындағы кез келген пән - қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық. Технология пәнінің басты мақсаты - оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып, қазіргі заманның технологиялық мәдениетіне, яғни бұйымдарды көркем жобалауға, өңдеп, өндіруге бейімдеу болып табылады. Сондай - ақ оқушылардың техника мен технология әлемін зерттеп, зерделеуін, кәсіптік іс - әрекет элементтерінен практикалық тәжірибе алуын қарастырады.
Технология атты жаңа интегративті білім саласын меңгеру оқушылардың жалпы білім мен дағдыны меңгеруіне мүмкіндік береді, интеллектуалдық, тұлғалық, этикалық дамуын, өзіндік, кәсіптік айқындалуын, қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етеді.
Сәнді қолданбалы қолөнері адамдардың көркемдік талғамының қалыптасуына ерекше әсер етеді, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруге қызмет етіп, оларды халқымыздың материалдық рухани мұраларын терең түсініп, оны бағалай білуге тәрбиелейді.
Әр баланың ерекшелігін ескеріп, тақырыпты өмірмен байланыстырып, әр оқушыға жеке тақырып пен бағыт – бағдар бере отырып, технология пәнінің мұғалімі Айжарқын Елубайқызы 5 "Б" сыныбымен "Қағаз бүктеу өнері — оригами" тақырыбында осындай керемет сабақ өткізді.
Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

Жүз Он Төртінші Мектеп в Instagram: «Білім саласындағы кез келген пән - қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруға…» 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: