Алматы қаласы Білім басқармасының
«№114 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-57-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-57-70
вахта +7(727) 268-70-22 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы
25
апрель
2026

«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы

«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы


Алматы қаласы, Алатау ауданы Жалпы білім беретін №114 мектепте 2026 жылдың 25 сәуір күні «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында мектебіміздің 9, 10, 11-сынып оқушылары қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында бірқатар маңызды іс-шараларға белсене қатысты. Бұл бастама оқушылардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, олардың азаматтық белсенділігін де нығайта түсті.
Акция барысында оқушылар мектеп ауласын, айналадағы көшелер мен қоғамдық орындарды тазалап, сенбілік жұмыстарына атсалысты. Сонымен қатар, ағаш көшеттерін отырғызу, гүл егу сияқты игі істерді жүзеге асырып, табиғаттың көркеюіне өз үлестерін қосты. Әрбір отырғызылған ағаш – болашаққа деген сенімнің, туған жерге деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі.
Мұндай игі бастамалар жас ұрпақтың бойында табиғатқа жанашырлық сезімін оятып, олардың туған жерге деген құрметін арттырады. Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың парызы екенін ұғынған оқушылар болашақта да бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруға дайын екендіктерін көрсетті.
Біз бірлесе әрекет еткенде ғана қоршаған ортамызды таза, жасыл әрі көркем ете аламыз. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы – тек бір реттік шара емес, ол әрқайсымыздың күнделікті өмір салтымызға айналуы тиіс маңызды құндылық. Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі.»

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: