Алматы қаласы Білім басқармасының
«№114 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-57-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-57-70
вахта +7(727) 268-70-22 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тазару күнінде мектеп оқушыларының қатысуымен «Асар» өткізілді.
26
март
2024
Тазару күнінде мектеп оқушыларының қатысуымен «Асар» өткізілді.
«Наурызнама» онкүндігінің соңғы күні ұлттық экологиялық науқанға арналған - Тазару күнінде мектеп оқушыларының қатысуымен «Асар» өткізілді. Іс-шара барысында оқу кабинеттері, мектеп акт залы, спорт залмен қоса мектеп ауласы да тазартылды. Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығын сақтауды үндейді. Мерекенің мәні – қыстан көктемге көшу, табиғаттың жаңа өмір бастауы осының нышаны. «Наурызнама» онкүндігінің соңғы күні ұлттық экологиялық науқанға арналған - Тазару күнінде мектеп оқушыларының
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
22
март
2024
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы
14 наурыз – Көрісу күні.
14
март
2024
14 наурыз – Көрісу күні.
Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Барша Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтаймын. Ықылым заманнан бері бабаларымыз бұл күнді «Амал келді, жыл келді» деп ерекше қуанышпен қарсы алған. Дәстүр бойынша осы күні қыстан аман шыққан жұртымыз төс қағысып көріскен. Жыл мерекелі де берекелі болсын! Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Барша Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтаймын. Ықылым… | Instagram
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні!
08
март
2024
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні!
8 наурыз - жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күні! Құрметті арулар, шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз жылулыққа толы болсын. Табиғаттың әсемдігі шабыт берсін. Көктемнің басы өмірлеріңіздегі өте қалаулы және әдемі оқиғаның бастамасын білдірсін! Мейрамдарыңызбен! 8 наурыз - жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күні! Құрметті арулар, шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз жылулыққа толы болсын. Табиғаттың… | Instagram
“Қыз сыны” байқауы
07
март
2024
“Қыз сыны” байқауы
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, мектебімізде 5-7 сынып оқушыларының арасында “Қыз сыны” байқауы өтті. 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, мектебімізде 5-7 сынып оқушыларының арасында “Қыз сыны” байқауы өтті. | Instagram
“Жұлдызды аспанның құпиясы” тақырыбында ашық сабақ
05
март
2024
“Жұлдызды аспанның құпиясы” тақырыбында ашық сабақ
26.02.2024 күні “Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде” атты онкүндігінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі 5 “В” сыныбымен “Жұлдызды аспанның құпиясы” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Жүз Он Төртінші Мектеп (@kguosh114) • Фото и видео в Instagram
“Объективте қауіпсіздік” акциясы аясында өткізілген мектепаралық жарыс
02
март
2024
“Объективте қауіпсіздік” акциясы аясында өткізілген мектепаралық жарыс
Алматы қаласы, Алатау ауданы “Лицей 166” КМ мекемеде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар департаментінің “Объективте қауіпсіздік” акциясы аясында өткізілген мектепаралық жарыс бойынша 114ЖББ мектебіміз ГРАН ПРИ иеленді. https://www.instagram.com/p/C2wpgkCApzE/?igsh=OGc5aGhhemFrZ2gw
1-наурыз Алғыс айту күні баршамызға құтты болсын!!!
01
март
2024
1-наурыз Алғыс айту күні баршамызға құтты болсын!!!
Көктемнің алғашқы күнімен қатар келетін 1-наурыз Алғыс айту күні баршамызға құтты болсын!!! Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн! Осы күнде 1-2 сыныптар арасында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Оқушылардың ата-аналарына, ұстаздарына, туыстарына, достарына алғыс айту себептерін ашып айтуы, ол кісілерге деген құрметтерін нығайта түсті. Сынып жетекшілері: Айтбайқызы Бақыт Оңдаған Айзада
“Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең, менше сүй” атты кездесу кеші өтті.
27
февраль
2024
“Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең, менше сүй” атты кездесу кеші
“ ӘНШУАҚ” балалар әнінің фестивалі жобасы аясында ағымдағы жылдың 27 ақпанында №114 жалпы білім беретін мектебінің 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен “Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең, менше сүй” атты кездесу кеші өтті. Бұл кездесу кешіміздің қадірлі қонағы қазақ өнерінің қайраткері, әйгілі “Қоңыр” тобының әншісі Асанбаев Бауыржан Қалдыбекұлы өз өнерін көрсетіп қана қоймай, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Сырлы сұхбат барысында мектебіміздің өнерлі оқушылары да өз өнерлерін көрсетті.